Жаңа Қазақстан жаңа мүмкіндіктердің бастауы. Әділетті қоғамда елдің әр тұрғыны да әділ әрі парасатты болуы тиіс. Өйткені болашақ қазірден басталады. Сайлау дегенде жұрт екі көзқараста қарайды. Бірі «менің дауысым маңызды» деп қараса, кейбірі «менің бір дауысым нені шешер дейсің» деп ойлайды. Бұл қате пікіп. Себебі сайлауда қазақстандық әр азаматтық әділ шешімі мен пікірі маңызды. «Менің дауысым не шешеді?» деген ұғым болмауы керек. Мұндай пікірдегі адамдар біздің қоғамда жоқ емес. Үй сыртынан саясатқа қатысты даулы әңгімелерді сайрай жөнелетін тұрғындар сайып келгенде маңызды саяси науқанға салғырттық танытуы нағыз жауапсыздық. Себебі әр тұрғынның өзіндік ой-пікірі бар.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанды құру жолында түбегейлі және жан-жақты реформаларды табысты жүзеге асыру үшін халықтың жаңа сенім мандаты керек» деген болатын. Бұл сайлау еліміз үшін оң өзгерістердің ашуына, жаңа реформаларды жүзеге асыруда бірден-бір батыл қадам болмақ. Сондықтан бәріміз ел дамуы үшін өз үлесімізді қоса білуіміз керек. Тура 1 айдан кейін Қазақстанның жаңа болашағы шешілмек. Бұл түста, әрбір қазақстандық азамат жұдырықтай жұмылып, сайлауда белсенділік танытады деген сенімдемін. Жаһандық мәселелерді шешу үшін ауқымды іс осы – сайлау болмақ.
Саяси науқан жақындаған сайын жаңа Қазақстан үшін жаслып жатқан саяси өзгерістердің осындай нәтижеге дейін жетіп жатқаны көңілге сенім ұялатады. Бұл саяси істің арты, еркін елдің әр азаматының жасаған дұрыс таңдауы, еліміз үшін үлкен өзгерістерге жол ашады. Осылайша сайлаудың мәні де, негізі де дауыс беру болып табылады. Өйткені өз таңдауын жасаған Қазақ елінің әр азаматы дауыс беруден ұтылмайды.
А.Жұмабергенова