ӨРІМДЕЙ ЕКІ ӨМІР ҚИЫЛДЫ..

Жасөспірімдердің абайсызда суға кету фактілері жыл өткен сайын артып келеді.

Ауданымызда жыл басынан 2 адам суға кетіпті.

– Ағымдағы жылдың 28 мамыр күні Индербор кентінде суға кеткен 2009 жылы туған жасөспірім төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерінің күшімен 29 мамыр күні табылып, судан шығарылды. Ал 5 шілде күні Көктоғай ауылында Жайық өзеніне суға түсуге тыйым салынған жерге шомылған 2011 жылғы тағы бір жасөспірім суға батып кеткен. Алғашқы мүшелге қадам басқан балғынның денесі араға екі күн салып, яғни 7 шілде күні табылып, туыстарына берілді, – дейді аудандық төтенше жағдайлар жөніндегі бөлім басшысы Ербол Ғабитов.

Былтыр мұндай оқиға тіркелмеген екен. Аудандық төтенше жағдайлар бөліміне әкімдіктерден түскен ақпарат бойынша барлық елді мекеннің қауіпті учаскелерінде 12 «Тыйым салынады» арнайы белгілері орнатылған. Суға шомылу маусымы кезінде алдын алу жұмыстарын жандардыру мақсатында аудандық төтенше жағдайлар бөлімі, полиция бөлімі және еріктілермен бірлескен түрде рейдтік және үгіт-насихат шараларының жоспары бекітілген болатын.

Атқарылған іс-шаралардың бәрі бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде жариялануда. Айта кетейік, қазіргі уақытта облыстық төтенше жағдайлар департаментінің ашық телеграмм-каналы жұмыс істеп тұр.

С.КӨШЕКОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521