РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРОКУРАТУРА ОРГАНЫНЫҢ ҚҰРЫЛҒАНЫНА 30 ЖЫЛ

Мемлекеттіліктің дамуымен қатар республикалық органдар жүйесінде прокуратураның рөлі мен орны заман талаптарына сай өзгеріп отырды.

Құзыреті толықтырылып, заңдылықты, құқықтық тәртіпті, қылмыспен күресті қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, мемлекеттің мүддесін қорғауға бағытталды. Мемлекеттік дамуының барлық кезеңдерінде прокуратураның рөлі мен үлесі, маңыздылығы өсе түсті.

Прокурорлық қадағалаудың одан әрі дамуы және прокуратура органдарының жүйесін реформалау кезеңі Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін алған сәттен басталды. Осыған орай, 6 желтоқсан 1991 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің «Қазақ КСР прокуратурасы органдарының біріңғай жүйесін құру, оның дербестігі мен тәуелсіздігін қамтамасыз ету туралы» Қаулысымен Қазақ КСР-нің Бас Прокурорына бағынатын бірыңғай прокуратура органдарының жүйесі құрылды.

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесінің 17 қаңтар 1992 жылғы қаулысымен «Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы» Заңы күшіне еніп, соған сәйкес прокуратура Жоғарғы Кеңеске есеп беретін, заңдардың орындалуын жоғарғы қадағалауды жүзеге асыратын орган болып танылды.

Одан әрі прокуратура 30 тамыз 1995 жылы республикалық референдуммен қабылданған Конституция мен ҚР Президентінің 21 желтоқсан 1995 жылғы «Қазақстан Республикасының прокуратура туралы» Заң күші бар Жарлығында көрініс тапты.

Қазақстан Республикасы Конституцияның 83-бабында прокуратура өз өкілеттігін басқа мемлекеттік органдардан, лауазымды адамдардан тәуелсіз жүзеге асыратын орталықтандырылған Президентке ғана есеп беру қағидаттарына негізделген дербес жүйе екені бекітілді. Тәуелсіздік жылдарында Елбасының басшылығымен прокуратура құқық қорғау жүйесінің ядросы болып айқындалып, 30 маусым 2017 жылы «Прокуратура туралы» Заңы қабылданып, жоғары қадағалауды жүзеге асыру, сотта мемлекеттің мүддесін білдіру және мемлекет атынан қылмыстық қудалауды жүзеге асыру мақсаты айқындалды. Бүгінгі күні адам, оның құқықтары мен бостандықтары, азаматтардың сенімі, қоғамдық келісім, тұрақтылық пен қауіпсіздікті прокурорлар қызметінің басымды бағыттары ретінде айқындалып, прокуратура бүкіл құқық қорғау жүйесінің үйлестіруші өзегіне айналды.

Аудан прокуратурасын әртүрлі жылдары ұлы отан соғысының ардагерлері Р.Ғ.Ғабдуллин (1965 – 1980 ж.ж.), Қ.Нұржанов (1980 – 1989 ж.ж.), Ә.Ә.Әбуов (1989 – 1990 ж.ж.), тәуелсіздік алған жылдары аға буын Ж.Т.Тегіспаев (1990 – 1993 ж.ж.), Е.Қ.Досанов (1993 – 1996 ж.ж.) Ә.Д.Жанаев (1996 – 1999 ж.ж.) М.Б.Мырзақұлов (1998 – 2003 ж.ж.), Ж.Ж.Көбегенов (2003 – 2005 ж.ж.), А.А.Сарсенов (2005 – 2007 ж.ж.), С.Ж.Ақболатов (2007 – 2010 ж.ж.), Ж.Б.Кадыров (2010 ж.) А.К.Өтебахов (2010 – 2011 ж.ж.) Н.Ө.Өмірзахов (2012 – 2013 ж.ж.), Р.С.Абиров (2014 – 2015 ж.ж.) А.А.Жұмабеков (2015 – 2019ж.ж.) жетекшілік еткендігін атап өткен жөн.

Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1-ші қыркүйектегі ЖАҢА ЖАҒДАЙДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН: ІС-ҚИМЫЛ КЕЗЕҢІ атты жолдауында сәйкес қылмыстық қудалау ара жігі нақты ажыратылған үш буынды модель жүзінде жүзеге асырылуда, ол дегеніміз полиция, прокуратура, сот. Прокурор тергеу органдарының екі жүзден аса шешімдерін сүзгілеу жасау арқасында тұлғаларды заңсыз қылмыс шеңберіне тартпау, күні бұрын шешім қабылдауға жол берілмеді.

Сотқа дейінгі тергеп-тексерулер барлығы дерлік электронды форматта тергелуде, ол қылмыстарды бұрмалау, істерді жоғалту деректерін толық жойды. Мемлекет басшысының ХАЛЫҚ БІРЛІГІ ЖӘНЕ ЖҮЙЕЛІ РЕФОРМАЛАР – ЕЛ ӨРКЕНДЕУІНІҢ БЕРІК НЕГІЗІ атты биылғы жолдауын іске асыру мақсатында прокурорлық қадағалаудың жеделдігін арттыру мақсатында заңсыз тінту тәжірибесі тоқтатылып, тергеп-тексеруді бастау заңдылығын қадағалау барысында заңсыз басталған қылмыстық істер тәулік ішінде тоқтатылуда.

Енді прокурорлар 2022 жылдан бастап айыптау актілерін өздері дайындайды, қылмыстық қудалау органы айғақтарды жинайтын болады. Қоғам болған жерде құқық бұзушылық болатыны жасырын емес. Ауданымыздағы құқық бұзушылықпен күресу мақсатында тиісті талдау жүргізіліп, алаяқтықтың, соның ішінде ғаламтор мүмкіндігін пайдаланып жасалған қылмыстың түрі өршіп тұрғаны көрініп отыр.

Бұл мақсатта жергілікті атқарушы орган мен полицияның қызметі құқық бұзушылықтың профилактикасы жөніндегі комиссия отырысында үйлестіріліп, аудан тұрғындарын БАҚ арқылы ескерту, сақтық шараларын күшейтіп, дербес мәліметтері қорғауды қолға алу түсіндірілуде.

Индер ауданының прокуроры

А.Сахиев

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT