,,Атырау облысы Индер аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
,,Жартылай күндізгі стационарлық үлгідегі ұйымының күндіз болу бөлімшесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі ресми түрде лицензияға ие болды!
Бұл — біздің кәсіби қызметіміздің жаңа белесі. Енді біз балаларымызды заманауи талаптарға сай, жоғары сапада және қауіпсіз жағдайда қабылдап, қажетті ем-дом шараларын күндізгі стационарда ұсына аламыз.
Бізге сенім артқан ата-аналарға алғыс білдіреміз!Балалардың денсаулығын бізге сеніп тапсыру — үлкен жауапкершілік, әрі сенім. Біз осы сенімді ақтау үшін бар күшімізді саламыз!