Қазақстан кубогын иеленді

Шымкент қаласында пара дзюдодан Қазақстан Кубогы мәресіне жетті.

Қазақстан Кубогына Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы, Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев қатысып, сайыскерлерге сәттілік тіледі. Кубокты еліміздің 12 облысы мен 2 қаласынан келген мықтылар сарапқа салды.

Аталмыш спорт түрінің әлемге кеңінен тараған дзюдодан айырмашылығы көзі шамалы көретін спортшыларға арналғанын жанкүйерлер жақсы біледі. Соған қарамастан татами төріндегі белдесулер тартысты өтіп, нәтижесінде Атырау облысы жалпыкомандалық есепте 4 алтын медальмен бірінші орынды жеңіп алды.

Ал біздің аудан үшін қуаныштысы облыс құрамасы сапында 100 келі алыптар салмағында белдескен Ерлан Өтепов сәтті өнер көрсетіп, ел кубогын иеленді. Кубоктағы өзінің жеке нәтижесі күміс жүлдені жеңіп алды.

Ал командалық жүлделі орындарды Қызылорда облысы мен Нұр-Сұлтан қаласының командасы өзара бөлісті.

Айта кетейік, жерлесіміз бұған дейін командалық сында Азия чемпионы, жекелей сында Азия ойындарының қола жүлдегері атанған болатын.

-Шәкіртіміз айтулы додада жақсы нәтижесімен қуантып отыр. Ол бүгінде Халықаралық рейтинг бойынша 17 орынға табан тіреді. Алда Әзербайжан елінде Гран-при және Англияда параолимпиадаға лицензиялық жарыстар кезегін күтіп тұр. Сәтін салып осы әлемдік додаларда жақсы нәтиже көрсете білсе, Жапонияда өтетін параолимпадаға жолдама алуға мол мүмкіндігі бар, - дейді аудандық балалар спорт мектебінің дзюдо және парадзюдо бөлімінің бапкерлері Нариман Нұрашев пен Азат Шайханов.

САЛАМАТ Б.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521