Орман өртіне жол бермейік!

      Өрт-аса қатерлі жау. Бұған бейжай қарауға болмайды. Айтып келмейтін апаттардан сақтану да күн тәртібіндегі басты мәселенің бірі. Қай кезде де тілсіз жауға тосқауыл қажет. Күннің күрт ысуына байланыстытабиғи өрттердің орын алу қауіпі арта түседі. Аптап ыстық пен қуаңшылық кезеңінде ормандардағы өрт қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңызы өте зор.

      Әсіресе, жаз мезгілінде дала ыстықтан күннен-күнге күйіп барады. Қуаңшылық орын алған жерде-өрттің өршитіні айқын.

      Орман өрттерінің болу себептерінің бірі орман қорына көршілес орналасқан шаруа қожалықтары және ауыл-шаруашылығы ұйымдарына тиісті шабындықтарда өсімдік қалдықтарын жағу салдарынан. Сондай-ақ, табиғат аясында демалушылар мен тұрғындардың өрт қауіпсіздігін сақтамауы да орыны толмас оқиғаларға ұрындырады.

       Өрттің артында адам және табиғат тағдыры тұр. Орман мен дала өрттеріне далада жатқан шыны, сынық әйнектердің қызуы, жол бойындағы автокөліктерден өшірілмей лақтырып кеткен темекі тұқылдары, шөп ору жұмыстарына қатыстырылатын тракторлар мен агрегаттардың жарамды өрт өшіргішпен жабдықталмауы, аңшылықтың салдары, ауылшаруашылығының жұмысшылары кепкен шөп, кесілген ағаш қалдықтары бар жерлерге от жағуы, егістік орнын өртеуі себеп болуы ықтимал.

      Орман өртін сөндіру оңай шаруа емес.

     Сондықтан, оған жол бермеудің алғы шарттарын қатаң сақтау қажет. Қас-қағым сәтте қалың орманның өзін күлге айналдырып жіберетін өрттің адам өмірі үшін де, табиғат үшін де орман-тоғайларда тіршілік ететін аң-құстардың және олардың ұяларының жойылуына қауіпі басым.

      «Қазақстан Республиканың ормандардағы өрт  қауіпсіздігі» ережесіне сәйкес, жас ағаштар, қураған шөпті жерлер маңайына от жағуға тиым салынады.

     Өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамаған кінәлі тұлғалар жасаған құқық бұзушылығының ауырлығына сай Қазақстан Республиканың заңнамаларына, яғни Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы және қылмыстық кодекстеріне сәйкес тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауапқа тартылады.

     Орманды өрттен қорғау-әрбір адамның міндеті.

  

М.Сапаров,

«Индер орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекеме» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің өрт сөндіру шебері

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT