Орман - біздің қорған

Ғаламшардың «жасыл өкпесі» саналатын орманның адам өміріндегі маңызы зор. Экономиканың бір саласы ретінде де оған мемлекеттік тұрғыда зор мән берілген. Дегенмен табиғи ауа тазартқышқа деген мәдениетіміздің төмендігінен болар, оған төнер қауіп-қатер жоқ емес. Соның ең бастысы – өрт.

О р м а н д а  ө р т   ш ы ғ у   с е б е п т е р і н  сараптағанда, ол көбінесе адамдардың өз кінәсінен болатыны анықталды. Жекелеген тұрғындардың мәселеге үнемі жіті қарай бермейтіндігі дәлелденген. Сондықтан өрт қауіпсіздігінің ережелерін үйрететін үгіт-насихат жұмыстарын өрт сөндіру қызметкерлері ғана емес, олармен қатар қоғамдық ұйымдар да жүргізуі тиіс. Орман шаруашылығының жұмысында өрт қауіпсіздігі – бірінші кезектегі мәселе. Орман шаруашылықтарының барлығында о р м а н д ы  ө р т т е н   қ о р ғ а у   ж о с п а р ы   болады.

Жоспарда орманның түрі, ортаның рельефі, су жолының, теміржол, автомо - биль жолдарының жақындығы ескеріледі. Орман шаруашылығын өрттен қорғаудың сызбасы жасалады. С ы з б а  к ө л і к  ж о л д а р ы ,  т ұ р ғ ы н   ү й л е р ,   к а р д о н д а р ,   ө з е н ,   к ө л д е р , орман шаруашылығының кеңселері, өрт бақылайтын тұрғылар, хабар қабылдайтын пункттер, өрт шығу қаупі бар нысандар белгіленеді. Мұнымен бірге, оған өрт қауіпсіздігі құрылымының жоспарында ор - манды бақылау қызметін ұйымдастыру, өрт сөндіру-бақылау құрылғыларын салу, телефон байланысының жүйесін жаңартып тұру, радиобайланыс ұйымдастыру, т.б. қызметтер кіреді.

Орман өртінің алдын алуға бағытталған үгіт-насихат, тәрбие жұмыстардың түріне м е к т е п т е р д е ,   к л у б т а р д а ,   с а у ы қ т ы р у   орындарында, туристік базаларда және басқа да бұқаралық мәдени орындарда оқылатын лекциялар, баяндамалар жатады. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ор - ман алқаптарын өрттен қорғау жөнінде жиі айтылып отыру керек. Әсіресе, өмірден алынған мысалдарды келтіре отырып, газет, радио, теледидар арқылы өрт қауіпсіздігі ережелерін көпшілікке түсіндірудің маңызы зор. Орманға барар жолдарда, демалатын жерлерде, орман жұмыстары жүріп жатқан жерлерде түрлі түсті плакаттар, хабарла - малар арқылы өрттен сақтандырулар ша - ралары жасалған.

Алайда, осыларды орман маңында демалушылар ескере бермейді. Әр тұрғын мұндай ескертулерге байыппен қараса, халық байлығы орманды тілсіз жау – өрттен қорғауға, аман сақтауға елеулі ықпалын тигізері даусыз. Аудан тұрғындарына мемлекеттік орман қоры аумағында тұрмыстық қалдықтарды төкпеуге, халық арасында, жиналыстарда үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп келе жа - тыр. Соған қарамастан жақын орналасқан е л д і - м е к е н д е р д і ң т ұ р ғ ы н д а р ы т ұ р м ы с қалдықтарын орман етегіндегі бұталар а р а с ы н а т а с т а п к е т у ф а к т і л е р і о р ы н алып келеді. Осыған байланысты барлық округтердегі тұрғындар жиынында осы мәселе қозғалып айтқанмен қорытынды әлі болмай келе жатыр.

Мекеме мамандары күшімен ай сайын тұрмыс қалдықтарымен басқа да қалдықтарды орман қорының сыр - тына шығарып, қалдықтар полигонына төгіп тазалап отырамыз. Азаматтарымыздың біразы, орманда сақталуға тиісті ережелерді ескермейді, о т т ы қ а у і п с і з п а й д а л а н у т а л а п т а - рын сақтамайды. Сіз орманға баратын болсаңыз, өрт қауіпсіздігінің ережелерін білгеніңіз жөн: отты тиісті орынға дайын - дап жағу, отты сөндірусіз қалдырмау, жа - нып тұрған темекінің қалдығы мен сіріңкені тастамау, ағаш арасына тез жанғыш зат - тарды лақтырмау, т.б. Орман демалыс іздегендердің барлығын қонақжайлы қарсы алады, бірақ оған да қамқорлық пен көмек қажет.

Кейбір адамдар орманда мына нәрселерді жасауға болмайтынын білмеуі мүмкін: отты кез-келген жерге жағу, қоқыс қалдықтарын тастау, ағаштарды сындыру бұл дұрыс емес. Кей жерлерде демалы - стан кейін 10-20 ға дейін от жаққан орын - дар қалады. Оны тазалап көміп кету ке - рек екенін ескермейді. Демалған орын - дарда сынған бұтақтар, отпен зақымданған а ғ а ш т а р , а ғ а ш б ұ т а л а р д а ғ ы ж а з у л а р , қағаз, пакеттер, бос құтылар ілулі тұрған жағдайға куә болып жүрміз. Бұл табиғатқа аяушылық білдірмеу. Орман да өз отбасың секілді тәртіп пен тазалықты сүйеді. Осыны жете ұғынайық.

М.САПАРОВ,

Индер орман және жануарлар дүниесін

қорғау жөніндегі мекемесінің шебері

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT