Ораза айт мерекесі ауданымызда кең көлемде тойланды. Мешіт ауласындағы киіз үй жанында спорттық жарыстар өткізіліп, тұрғындар белсенділікпен қатысты.
Ұлттық ойындарымыз дәріптеліп, қазақ күресі, қол күресі, кір тасын көтеру секілді спорт түрлерінен ерлер сайысқа түсті.
Тартысқа толы өткен жарыс нәтижесінде қазақ күресінен Аманқұл Ерғанат 1орынды қанжығасына байласа, Бакет Мадияр 2орын, Есет Ақылжан 3орынды еншіледі.
Ал, 24 кг кір тасын көтеруде, 1 орын Серіков Фархадқа бұйырса, 2 орын Сағын Сарсен, Құлақов Қуаныш 3 орынға ие бодды.
Сонымен қатар, қол күресінен Аманқұл Ерғанат 1 орынға ие болса, Арыстанов Асылхан 2орын, Сағын Сарсен 3орынды иеленді.
Жеңімпаздарды "Әйіп қажы" мешітінің бас имамы Ералы Қамзағалиев құттықтап, арнайы дипломдар мен медальдар табыс етті.
Осылайша, әрбір мұсылманның жүрегін шаттыққа толтырып, үлкенді де, кішіні де мәз мейрам еткен Ораза айт мерекесі жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Жадыра НАРИМАНҚЫЗЫ