Оқушылар жол апатына тап болды

Кеше, сағат 19:30-дар шамасында "Атырау-Индер" тас жолының бойында екі жеңіл автокөлік соқтығысып, салдарынан 32 жастағы жігіт оқиға орнында көз жұмды.

Нақтырақ айтсақ, Индер ауданына қарасты Бөдене ауылының тұсында "Opel Vectra" көлігін тізгіндеген оралдық жүргізуші жолдың қарсы бетіне шығарда "Lada X-Ray" көлігімен соқтығысқан.

Ал “Lada X-Ray” автокөлігінде Құрылыс ауылындағы М.Мөңкеұлы атындағы орта мектептің оқушылары аудандық пәндік олимпиададан қайтып келе жатқан. Көлікті өзі басқарған мектеп директоры Қ.Оразбаев:

- Соқтығысқан автокөлік қатты жылдамдықпен келе жатқан болуы керек. Аяқасты осындай оқиғаға тап болдық. Қазіргі кезде балалар ауруханада, жағдайлары жақсы, - дейді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521