Ойда жоқта миллионер атандым

Баршаңызға белгілі, елімізде жалпы әлемде коронавирус ауруы қауіп төндіріп тұр. Көптеген адамдар осы аурудың құрбанына айналды. Осыған орай, дәрігерлер бұл кеселге қарсы тұратын вакцина ойлап тапқан болатын. Міне, қазір осы екпені алу барлық елдерде қарқынды жүріп жатыр.

Әрине, жалған ақпаратқа еріп, салдырмай жүргендер де бар. Бірақ олар ертең қатты өкінетіні белгілі. Өйткені, бұл аурудан вакцина ғана құтқаратынын мамандар дәлелдеп айтып отыр. Бүгін де осы вакцина алуды ынталандыру мақсатында "Вакцина ал да, ақшалай сыйлыққа ие бол" атты акция өтіп жатыр.

 Мысалы, Атырау қаласының тұрғыны Жомарт Жұмабековке вакцина алып 1 миллион теңгеге ие болғанын достары хабарлаған.

"Естіген уақытта қуанғаннан жүрегім жарыла жаздады",- дейді ол. Бүгін вахталық әдіспен жұмыста жүрген Жомарттың ұтысы жолдасы Айгүлге табысталды. Ойда жоқта миллион теңгеге ие болған Гүлнәз Достанова:

"Тікелей эфирден қоңырау шалғанда сенерсенбесімді білмедім! Бұл карантин кезінде қарапайым халық үшін жасалған үлкен демеу. Қаражатты отбасыма жаратамын, артылғанына өзім армандаған курсқа қатысып білімімді жетілдіремін. Вакцина алып өзіңізді, айналаңызды қорғаңыз. Мен сияқты қуанышқа кенеліңіздер",- дейді ол.

Бүгін бұдан басқа 31 тамыз бен 2 қыркүйек арасында вакцина алып 200 мың теңгелік сертификатқа ие болған 10 атыраулыққа да ұтыстары табыс етілді. Естеріңізге сала кетсек, Атырау облыстық Азаматтық Альянсы ұйымдастырған акцияның жүлде қоры 40 миллион теңгені құрайды. Әр айдың онкүндігінде 200 мың теңгелік 10 сертификат ойнатылады. Қазан айында 2021 жылдың 1 ақпаны мен 30 қыркүйегі аралығында вакцина алғандар арасында 10 миллион теңгенің ұтыс ойыны өтеді.

Сондықтан да, әркім өзінің, отбасының, айналасының денсаулығын қорғау мақсатында екпе алу шараларына жауапкершілікпен қарағаны жөн.

"ДЕНДЕР" - АҚПАРАТ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT