"Өнер барысы" анықталды

  Қазақ халқының қаншама ғасырлар бойы іргесі ажырамай біртұтас ел болып, елдігін сақтап келе жатырғанының бір себебі ол  ұлттық код десек артық болмас. Ұлттық код ол  тіліміз, дініміз, дәстүріміз, ұлттық спортымыз. Ұлттық спортты, оның ішінде қазақ күресін дамыту мақсатында ауданымызда облыс өнерпаздары арасында «Өнер барысы» облыстық ашық турнирі өтті. Қазан айының 12 сі күні өткен турнирде Махамбет, Жылыой,Қызылқоға, Құрманғазы, Исатай аудандарынан және Атырау қаласынан келген пауандар өзара күш сынасты.

  Жарыс үш салмақ дәрежесінде өтті. Индер ауданы командалық есепте 5 медалмьен 1 орын жайғасты.

  66 кг салмақ дәрежесінде Бекетов Бірлес, 80 кг дейінгі палуандар арасында Жақау Таңат сынды спортшылар 3 орын иеленсе, 80+ түйе палуандар арасында Кадим Абылай күмістен кәде тағынды. Алтын медальмен, «Өнер барысы» белбеуінің иегелері 80 кг салмақ дәрежесінде белдескен Аяпов Алтынбек және 80+ түйе палуандар арсында белдескен Тулегенов Арман.

 Айта кететін жәйт Тулегенов Арман облыс өнерпаздары арасында екінші мәрте биік тұғырдан көрінді.

  «Жарыс негізінен жоғарғы деңгейде өтті. Ел арасындағы өнерпаз жігіттердің халық алдында сөз сөйлеп жүргенімен қоса, қазақ күресіне деген бүйрегіміздің бұрып тұратынын, қазақ күресіне ерекше көзқараспен қарайтынымызды айта отырып ұйымдастырдық. Жарысқа аудан әкімінің орынбасары Әсет Оразғалиев Осы жылы Атырау қаласында ұйымдастырылған болатын. Ол турнирде де Индер ауданы командалық есепте бірінші орын алған болатын. Сол жарыстан соң бізде ауданымызда өткізсек деп шешім қабылдағанбыз. Содан ұйымдастырған шарамыз жоғарғы деңгейде өтті .

  Осы орайда аудан әкімдігіне, аудандық мәдениет бөлімінің басшысы Жеміс Тілепқалиеваға, Балалармен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Нұржан Бейсенов, Индер мәдениет үйінің басшысы Нышанов Серікке және өзіміздің әріптесіміз жас кәсіпкер Тулегенов Арманға қолдау білдіргендері үшін ерекшк алғыс білдіреміз

  Алға қарайда осы ұлттық спортымыз өнерпаздар арасында Исатай ауданында жалғасын таппақ. Аудан өнерпаздарына сәттілік тілейміз»,- деп баяндады  жарыстың бас ұйымдастырушысы Піштібаев Қожаберді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT