Мәжілісте бала күтіміне байланысты төленетін жәрдемақы мерзімін 3 жылға ұзарту ұсынылды

Мәжіліс депутаты Қайрат Балабиев бала күтіміне байланысты төленетін жәрдемақы мерзімін 3 жылға ұзартуды ұсынды, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.

«AMANAT» партиясы толық емес отбасылардың, асыраушысынан айырылған отбасылардың және жалғызбасты аналардың, жалғызбасты әкелердің әлеуметтік жағдайын қолдау, ол отбасыларындағы балалардың қалыптасып, дамуы туралы жүйелі шараларды жүзеге асыруға байланысты келесі ұсыныстарды енгізеді.

«1. Қазақстандағы барлық әйел мен жалғызбасты әкелерге бала күтіміне байланысты төленетін жәрдемақы мерзімін 3 жылға дейін ұзартуды ұсынамыз. 2. Жұмыссыз жалғызбасты аналар және жалғызбасты әкелердің бала күтіміне байланысты ай сайынғы әлеуметтік төлем мөлшерін заңда бекітілген күнкөріс минимумына теңестіруді сұраймыз», - деді депутат.

Сондай-ақ, ол аталған санаттағы азаматтардың балабақша кезегіне тұруы да қиын екенін атап өтті.

«Жалғызбасты аналар және жалғызбасты әкелердің балаларына мемлекеттік балабақшадан орын алу үшін кезекте басымдық беруді, мектептерде спорт секцияларына және шығармашылық үйірмелерге тегін қатысуын қамтамасыз етуді, еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтарға кәсіби бағдар жұмысының бағдарламасын қабылдап, грант негізінде білім алып, еңбекке араласуын қарастыратын бағдарлама қабылдауды сұраймыз», - деді Қайрат Балабиев.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс) +77082922701 whatsapp

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз