Министр қандай мамандықтардың жалақысы өсетіндігін айтты

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова спортты дамыту дирекциясының қызметкерлері мен жаттықтырушыларына жалақының 100 проценті көлемінде қосымша ақы берілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министрдің айтуынша, жыл басынан бері мәдениет және өнер ұйымдарында жұмыс істейтін 34 мың қызметкердің жалақысы 35-50 процентке өскен. Ал мәдениет және спорт саласындағы мамандырылған мектеп пен колледж педагогтарының жалақысы 2023 жылға дейін жыл сайын 20 процентке көтеріліп тұрады.

"Спорт саласындағы жаттықтырушы оқытушылардың, мұғалімдердің, төрт интернат-колледж бен спорт мектебінің жаттықтырушы оқытушыларының жалақысы көтеріледі.Мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтарына сабақтан тыс спорт жаттығуларын жүргізгені үшін базалық лауазымдық жалақының 100 проценті көлемінде қосымша ақы беріледі", - деді Райымқұлова бүгін онлайн режимде өткен есеп беру кездесуінде.

Министрдің сөзіне қарағанда, допингке қарсы зертхана, ұлттық допингке қарсы орталық пен дене шынықтыру және спорт жөніндегі республикалық оқу-әдістемелік талдау орталығының спортты дамыту дирекциясының қызметкерлері мен жаттықтырушыларына да лауазымдық жалақыларына 100 проценттік ақы белгіленіп отыр. Осылайша, олардың жалақысы екі есеге артады.

"Сондай-ақ, кәсіби еңбек өтілі кем дегенде 20 жыл болатын балет әртістері ай сайын соңғы үш жылдық жалақысының 60 проценті көлемінде төлем алады", - деп түйіндеді Райымқұлова.

 azh.kz сайтынан

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT