МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІ АЛҚА ИЕГЕРІ

Мемлекеттік қызметтің әр саласында бетегеден биік, жусаннан аласа еңбек етіп, ер азаматтармен қатар иық тіресіп, тер төгіп жүрген нәзік жандылар баршылық.  Солардың бірі — мемлекет ісінде ұзақ жылдары қызмет атқарып, өзінің біліктілігімен білімі арқылы, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлесін қосып жүрген Елтай ауылдық округінің бас маманы Нигметуллина Мейрамгүл Мадиқызы.

Нигметуллина Мейрамгүл Мадиқызы -   2016 жылдан бері бойындағы еңбекқорлық, білім мен жинаған тәжірибесінің арқасында Елтай ауылдық окрігі әкімі аппаратының бас маманы лауазымында елге қызмет етуде. 
«Ана бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді дегендей», қызығы мен қиындығы қатар жүретін мемлекеттік қызметпен бірге, 5 қыз бен1 ұл тәрбиелеп отырған аяулы ана. 

Қазақстан Республикасы  Президентінің  2021 жылы 5 ақпандағы №504 Жарлығы бойынша «Күміс алқа» иегері.

Ұлт мәртебесін көтеретін, ел абыройын асқақтататын мемлекеттік қызметші болу – жауапты міндет. Себебі ол –  қашан да биліктің айқын бейнесін көрсетуші тұлға. Дәл бүгінгі кейіпкеріміз осы сипаттамаға сай келетін, мемлекеттік қызмет саласындағы  өз ісінің нағыз маманы деп айтуға тұрарлықтай мемлекеттік қызметкер.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521