Мемлекеттік грант тек жағдайы төмен отбасынан шыққан балаларға берілмек

Қазақстандағы табысы аса жоғары отбасылардан шыққан балаларға мемлекеттік грант беруге тыйым салу ұсынылды. Грант үлестіріп жатқанда баланың үлгеріміне ғана емес, әлеуметтік-экономикалық факторларға да қарау керек.

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Асылбек Қожахметов осындай ұсыныс жасады.

– Үй-ішінің табысы жоғары абитуриенттер грант алмауы керек. Гранттарды табысы төмен отбасылардан шыққан барлық абитуриенттерге 50 балл жинаған жағдайда бере салу керек. Биыл Ұлыбритания үкіметі Кембридж бен Оксфорд университтеріне балалардың кемінде 7%-ын кедей отбасылардан қабылдауды тапсырды. Әлем өзгеріп жатыр. Әлеуметтік лифт жұмыс істеуі үшін мемлекеттік гранттарды табысы төмен адамдарға бағыттау керек, – деді Асылбек Қожахметов.

aikyn.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT