Мамыражай тірлікке оралатынымызға сенімдімін

Әлемді жайлаған коронавирус дерті біздің елімізде де күннен- күнге өршіп келеді .Оның арты қайғылы жағдайға да акеліп соқтырып, көптеген отбасылар ет жақындарынан айырылып, қайғы жұтып отыр. Мұндай жан ауыртар жағдай Индер ауданында да тіркеліп, көптеген азаматтарымыздан көз жазып қалып жатырмыз.

Әлбетте, өкінішті жағдай. Олардың отбасыларына қайғырып көңіл айтып, болған іске болаттай берік болып, арты жарассын деген ниеттеміз. Өткен аптада Мемлекет басшысы Қасым–Жомарт Кемелұлы Тоқаев қатерлі індеттің алдын алу мақсатында ел Үкіметіне карантин мерзімін тағы да екі аптаға созып атқарылуға тиіс жұмыстарды жандандыруды қатаң тапсырған болатын. Сол бойынша нақты шаралар қабылданып жатқаны да белгілі болды. Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов бастаған Үкіметтік комиссия Атырау облысына келіп жағдайдың бүгінгі аяқ алысымен танысып, жасалар жұмысты бағамдап кетті.

Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің басшылығымен өңірде де бірқатар жұмыстардың жасалғануда екендігінен хабардар болып отырмыз. Дер кезінде қабылданған шаралардың арқасында індет те ауыздықталып, ауылдағы ағайынның мамыражай тірлікке қайта ораларына сенім мол.

Ол үшін біз, тұрғындар карантиндік талаптарды толық сақтауымыз қажет. Ел аралап, көшіп-қонған қазақ үшін бұл тыйым ауыр бола тұрса да, ең алдымен, қоғамның басты байлығы халықтың денсаулығын сақтау үшін алыс-беріс пен барыс-келіске шектеу қою қажет.

Темірдей тәртіп бар жерде ғана тазалық пен береке-бірлік салтанат құрады. Уақыт өте келе бүгін көрген қиындығымыз сап тыйылып, жақсы сәттерде бас қосарымызға сенім кәміл.

Әлден МУСАҒАЛИЕВ,

Бөдене ауылдық ардагерлер Кеңесінің төрағасы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT