Бүгін Республика күніне орай, алғаш рет мемлекеттік қызметшілер арасында ұлттық спорт түрі – Садақ атудан ашық турнир басталды. Шараның ашылу салтанатында:
- Іс-шараның негізгі мақсаты – аталған мерекені өз дәрежесінде атап өту, мемлекеттік қызметшілер арасында ұлттық ойындарды жандандыру арқылы ұлттық құндылықтарды бойына сіңіру және салауатты өмір салтын насихаттау, мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру, - деген Мемлекеттік қызмет істері департаментінің басшысы Ерлан Ермаханбетов сайыс мергендеріне сəттілік тіледі.
Тартысты өткен додаға мемлекеттік органдардан 13 команда, жалпы алғанда 40-қа жуық қатысушы (құрамы 2-ер, 1-әйел) белсене атсалысады. Қатысушылар 10-15 метр қашықтыққа нысананы көздеп, финалда мемлекеттік қызметшілер арнайы жасақталған нысананы атудан жарысады. Сайыста оқ бойы озғандар арнайы марапатталады. Ал, үздік ойын көрсеткен 2 ойыншы «Үздік жебе» номинациясына ие болады.
Майра ЕРҒАЛИ
Суреттерді түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ
ҰЛТТЫҚ СПОРТ ҰЛЫҚТАЛДЫ
- Дендер
- Категория: Аудан тынысы
- Read Time: 1 min
- 228
![](/images/whatsapp-image-2022-10-22-at-10_42_22.jpeg)