Әлеуметтік қызмет – сауабы көп сала

Қазан айының соңғы жексенбісінде – Әлеуметтік сала қызметкерлерінің күні аталып өтеді – деп, хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі

Сауабы мен қиындығы мол қызметті еңсеріп жүрген жандардың бірі, Ханнат Төлесінова. Ол – әлеуметтік саладағы қызметін 2004 жылы Қызылқоға ауданынан бастаған. Ал, 2010 жылдан бері, «№4 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-де әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман қызметін атқарып келеді.

- Әлеуметтік сала қызметкері болу – алдымен шыдамдылықты талап етеді. Орталықта он жылдан бері жұмыс жасап келемін. Мұндағы тағдыр тәлкегіне түскен қарттар мен мүгедектердің көңілін аулап, бабын табу, қажеттіліктерін орындау – басты міндетім. Әр түрлі мінез, әр түрлі тағдыр иелерімен жұмыс жасау әрине, оңай емес. Бірақ, адамгершілікпен атқаратын бұл қызметтің сауабы мол – деді, орталық қызметкері Ханнат Төлесінова Атырау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты 4 арнаулы қызмет көрсету орталығы бар.

Олар, қарттар мен ерекше күтімді қажет ететін балалардың және психикалық ауытқуы бар ересектер мен мүгедектігі бар жандардың қоғамға бейімделуіне үлкен дәнекерлік сипатта қызмет көрсетеді. Бұдан бөлек, халықтың әлсіз топтарына- қарттар мен көп балалы және күнкөрісі төмен отбасыларға, мүгедектігі бар жандарға әлеуметтік қызмет көрсету – қажетті құрал-жабдықпен қамтамасыз ету, материалдық көмек тағайындау, еңбекпен қамту бағытында жұмыс жасайтын қала және аудандық бөлімшелер бар.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521