қол жеткізу, сондай-ақ электронды форматта өтінішхат беруге және оған жауап алуға мүмкіндік береді. Аталған функицоналды қолдану үшін «Жария сектор» порталына (https://erdr-public.kgp.kz/) сілтемесі бойынша өту қажет. Аталмыш жүйенің арқасында азаматтардан келіп түсетін арыз-шағымдарды тез тіркеу, тергеу, қылмыстық іс туралы жан-жақты ақпараттар ала отырып, процесті жеделдетуге мүмкіндіктер ашылды. Бұл функция қылмыстық процеске қатысушыға ақпараттық қауіпсіздік пен құпиялылық талаптарын сақтай отырып, қабылданған шешімдерді және электрондық қылмыстық іс материалдарына қашықтан қол жеткізуге, сондай-ақ қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысында өтінішхат мәлімдеуге мүмкіндік береді. Қылмыстық процесті цифрландыру тергеу әрекеттерінің және олардың заңдылығына қадағалау сапасын арттырып, іс материалдарын бұрмалау фактілерін болдырмау және тергеу сатыларының ашықтығына, тазалығына көз жеткіздік. К.РАХМАТУЛИН, Батыс аймағының әскери прокурор әділет полковнигі
Қылмыстық процестер цифрландырылуда
- Информация о материале
- Автор: Дендер
- Категория: Аудан тынысы
- Read Time: 1 min
- 271