Көше гүлдері қолды болуда

Күні кеше Индербор кентінің ішіндегі саябақтар мен көшелеріне жаңа жас көшеттерді отырғызу жұмыстары белсенді жүргізілген болатын. Оны «Жасыл-Аймақ» ЖШС жұмысшылары күтімге алып, бір жаңарып қалған еді.

Ендігі жерде абаттандыру жоспарына сай Д.Қонаев, Н.Меңдіғалиев көшелері бойына арнайы дайындалған ыдыстарға бірнеше гүл түрлері отырғызыла бастады. Осы кезге дейін мың түп роза, 1 түп питуния гүлдері отырғызылған. ⠀

Дегенімен серіктестік директоры отырғызылған гүлдерді тамырымен бірге үптеп кету фактілері орын алып үлгергенін де жасырмады. Әрине, сұғанақ қол алыстан келмейді. Бәрі де осы жердің тұрғындары. ⠀

Ендігі жерде кенттің көркем келбетін көргіміз келсе осындай қасқөйлерге қарсы тұрып, жанашырлық танытып, гүлдеріміздің көркіне қуанайық.

К.СҰҢҚАР

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз