Көненің орны музейде

Жақында аудандық өлкетану музейіне Индербор кенті тұрғыны Данияр Баянғалиев «Старт-3» көне теледидарын жәдігер ретіне табыс етті.

Бұл дүние Оралда тұрған ағасы Есен Ештенұлынан мұраға қалған екен. «Старт-3» теледидары 1959-1964 жылдар аралығында Мәскеудегі радио техникалық зауыттан шығарылыпты. Құны 1961 жылғы ақша реформасынан кейінгі бағамен 236 сом (рубль). Сол кезде жұмысшылардың жалақысы 30-40 сом болғанын ескерсек, қаншалықты қымбат дүние болғанын бағамдай беріңіз.

Ал ауданда Елтай маңындағы ретрансляциялық станса алғаш рет 1975 жылы тұрғызылыпты. Аудан тұрғындары арасында мүмкіндігі барлары содан кейін ғана теледидар алып тамашалай бастаған.

Музей директоры Майгүл Жалғасбаеваның айтуынша, музей қорында бұған дейін мұндай ескі теледидар болмаған. Әрі бұл биылғы тұрғындардан қабылданған 58 –ші жәдігер екен.

САЛАМАТ Б

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521