KIDS GO FREE: балалар тегін саяхаттайтын жоба

Айлығы шайлығынан аспайтын қарапайым көпбалалы ата-аналар саяхаттау жайында тіптен армандамайды. Ал біз оларға «жолақысын тек  ересек адам үшін төлеңіз» - десек не болады? Арманыңызды іске асыратын айтулы жоба жайында білесіз бе?

Халықтың құлағына жетпей жүрген ақпардың бірі – осы. Ел ішіндегі туризмді дамыту мақсатында «Kazakh Tourism» ҰК» балаларға арналған Kids Go Free бағдарламасын ұсынған екен.  Айтпақшы, Астана қаласы балалар тегін саяхаттаған үздік бес қаланың тізімінде екенін айта кетуіміз керек. Өңірдегі балалардың Елорданы көруге қызығушылығы жоғары. Құлағдар болған құлшынысты ата-ана қолданды. Ал білмей қапы қалғандар қаншама? 

Кәмелет жасына толмаған төрт баласы бар Ахметовтар отбасы Алматы облысына саяхаты үшін анағұрлым аз төлегендерін айтып, алғыс білдірді. Мангыстау облысының тұрғындары алғаш бұл жобаны алғаш естігенде сенімсіздік танытқан. Әлеуметтік желі парақшасынан оқыған әулет турфирма арқылы саяхатын рәсімдегенде тек анасының билетіне төлегенде ғана жобаның тиімділігіне көзі жеткен. Тілектес Ахметова трендегі бағыттардың бірі Алматы облысындағы Көлсайға  балаларын апаруды бұрыннан жоспарлаған. Тілектес ханымның айтуынша төрт баласына ұшақ билеті түгелдей тегін болған: «Балаларымның бойына патриоттық сезім ұялату – менің аналық парызым. Шетелде отбасымен қыдырып жүретін отбасыларға үнемі қызығатынмын. Kids go free жобасы арқылы мен де балаларыма бақытты балалық шақ сыйлап, еліміздің көрікті жерлерін аралауды бастадым. Бұл жоба алдағы жылдарда да жүзеге асса екен деген тілегім бар» - дейді көпбалалы ана.

Ендеше, біле  жүріңіз:

-       Ел ішінде кез-келген қалаға  2 мен 17 жасты қоса алғандағы  аралығындағы кез-келген бала тегін ұшады

-       Ұшақ билеті туристтік компаниялар арқылы алынады

-       Тегін билет бала санына қарамайды, яғни ата-ана қанша баламен ұшса да, ол тегін болмақ. Бағдарламаның бұл  артықшылығы -әсіресе, көпбалалы отбасыларға өте тиімді.

-       Kids Go Free бағдарламасы енгізілген туристтік компаниялар саны күннен күнге артып келеді.

-       Жоба қолданушылары өссе, тегін ұшуды рәсімдеп беретін турфира саны да өседі

Тегін әуе билеттерін алуда еш кедергі жоқ, себебі ата-анасымен бірге саяхаттайтын бала саны мен саяхаттау көлеміне шектеу жоқ. Еліміздің қай өңірін алсақ та, тұмса табиғаты ғажап жерлер мен тарихи ескерткіштерге бай. Балаларды кезекпен алып шығатын ақша экономдау кезеңі артта қалған секілді. Саяхатқа шыққан әр баланың жол жүру билетін мемлекет өз мойнына алды.

Мысалы, Ақтау қаласының тұрғындары Алматы, Түркістан өңірлерін аралап, балаларына еліміздің көрікті жерлерін көрсетті. Көпбалалы анамен тілдескенімізде: «Менің ата-аналарға айтатыным, бұл мемлекет тарапынан берілетін өте тиімді көмек. Себебі Kids Go Free-сіз барған жағдайда төрт баласы бар отбасы үшін Ақтау-Алматы, Алматы-Ақтау бағытына 500-600 мыңдай ақша кетер еді. Бірақ осы бағдарлама арқылы тек 350-360 мыңдай ғана ақшам кетті. Билетке жолдасым екеумізге төледік. Төрт баламыз тегін барып келді» - деп ризашылығын білдірді. Ең бастысы ұшу күні жақындағанда аспандап кететін әуе билеттерінің кез-келгені өтеледі. Яғни билет алынған күні баға қандай болса, мемлекет сол ақшаны төлеп береді. Жобаның басты шарты – саяхатты турфирма арқылы рәсімдеу ғана. Бұл еліміздегі тур компаниялардың жұмысын да дамытпақ.

2022 жылы бұл қызмет түрін 1500 бала қолданып, 76,2 миллион теңге субсидия төленген. Ал биылғы жылдың 1 желтоқсанға дейінгі есепке қарасақ, 920 ұсыныс қанағаттандырылып, 1975 бала  90 миллион теңгеге ұшқан.

Бұл аймақтарға тегін ұшқан балалар санына көз жүгіртіп өтсек, Алакөлге 637, Алматыға 561, Ақтауға 352, Түркістанға 154, Астана қаласына 120 бала тегін саяхаттады. Әуе билеттерін тегін алған бала санымен есептесек Алакөл бағыты маусымдық болғанына қарамастан үлкен сұранысқа ие дейді мамандар. Былтырға қарағанда бір жылдың ішінде өткен жылмен салыстырғанда 500-ге жуық балаға көбейгені қуантады. Демек, саяхаттау арқылы қалтасына салмақ түсірмей,  қаржысын экономдаған отбасылар қатары да өскен.

Халық хабардар болса, тиімді жобаның көмегін өзгелер де көрмек.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521