Халықаралық байқаушылар не деді?

Индерде сайлау ойдағыдай өтіп жатыр. Аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Ә. Сәкеновтың айтуы бойынша сағат 16:30-дар шамасында халықтың 62 пайызы, яғни 13 мыңнан астам сайлаушы өз таңдауын жасап үлгерген.

Сайлау тыныш, ұйымшылдықпен өтуде. Оны Ресейден келген Халықаралық байқаушылар да аралап көріп, қазір ауылдардағы ахуалмен танысып жүр. Айталық, Тәуелсіз мемлекеттер достастығы байқаушылар миссиясының өкілдері Сергей Воронов және Ярослав Роговой аудандағы бірнеше сайлау учаскелерінде болды. Аудан орталығындағы №111 және №112 сайлау учаскелерінің төрағалары Ербол Бөкеев және Гүлайым Жаңбырбаева сайлаудың жүру барысымен таныстырып өтті.

img-20210110-wa0132

Байқаушы Сергей Воронов:

- Атап өтуіміз керек, сайлау Қазақстан Республикасының заңдарына және Халықаралық адам құқықтарын қорғау жөніндегі талаптарға сәйкес ұйымдастырылған. Халықаралық байқаушылардың кедергісіз жұмыс жасауына Қазақстанда барлық жағдай жасақталыпты. Тағы байқағанымыз, сайлауға келіп жатқан Қазақстан Республикасының азаматтары көтеріңкі көңіл-күйде асқан белсенділік танытып жүр. Бұл күн - Қазақстанның саяси- экономикалық, әлеуметтік рухани дамуының жаңа белесі болып қалатынынан үмітіміз мол. Жалпы, сайлау қабылданған тиімді нормаларға сай өтіп жатқанын баса атап өткіміз келеді, - деді өз сөзінде.

Сайлау одан әрі жалғасуда.

С. Ерсайынұлы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521