Халық талабы қашан орындалады?

Өткен жылдың шілде айында Атырау облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының тапсырысы бойынша "Теміржол Құрылыс-Атырау" ЖШС Атырау-Индер (117-167) 50 км жолды қайта жөндеуді бастаған еді. Өкінішке қарай жұмыс өте сапасыз жүріп, халық тарапынан біраз наразылық туындады. Жол бойында тонналық қапшыққа салынған цементтер сол күйі шашылып жатты. Қаншама көлік апатқа ұшырап, жарамсыз қалды. Халықпен бірге шырылдағанымызбен жағдай түзелмеді. Ауданға жасаған сапарында облыс әкімі С.Шапкенов те бұл іске көңілі толмайтынын айтып, ескерту жасады.
Алайда "баяғы жартас сол жартас" дегендей биыл жөндеуді қайта бастаған компания ісі тағы да мардымсыз. Жарсуат, Бөдене ауылының белсенділері бас көтеріп, жол бойында серіктестік басшысы Орынбек Баймурзин мен жоғарыдағы тапсырысшы бөлімінің сектор меңгерушісі Асылбек Қайыржановпен кездесті. Жұмыстың мардымсыздығын, қадағалаушы тараптан жауапкершілік сұралмайтынын бүкпесіз айтты. Бізде бөлінген қаржыны ысырап жасамай, жұмысты сапалы әрі уақытында аяқтауды және ескерттік.
Серіктестік басшысы  уақытында аяқтау жөнінде уәдесін берді.

Ал бүгін халық өкілдері аудан әкімі С.Нысанбаевта болып, өтініштері айтты. Аудан басшысы басты назарда болатынын айтып, талап орындалмаған жағдайда сотқа жүгінетінін назарға салды.

Жан АМАН

Индер ауданы

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT