Индербор кенті әкімінің орынбасары Қайыржан Нұриевтің айтуынша, 10 гүлзарға барлығы 200 көпжылдық раушан мен перовская көшеттері отырғызылған. Бұл жұмысты мердігер ұйым «ДелТехСтрой» ЖШС атқаруда. Сондай-ақ аталмыш мердігер мекеме оның күтімімен де айналысады екен.
–Арбатта жазғы су бұрыннан бар. Яғни күнделікті суарып отырудан мәселе туындамайды. Айтарымыз, тек тұрғындар ортақ игілікке жанашырлық танытса. Әйтпесе арбаттың есіктерін әлдекімдер сындырып кетіп, әлсін-әлі дәнекерлетіп отыруға тура келуде. Есігі аңқиып ашық қалғасын мал кіріп, әбігерге салады. Сонымен қатар жақын арада орталық саябақтың сахна тұратын жердің айналасына да гүл егуді жоспарлап отырмыз, – деді кент әкімінің орынбасары Қайыржан Өтепұлы. Сұлулық пен әсемдіктің айқын айғағы гүлдер алдымыздағы жаз айларында жайқалып, кентіміздің сәнін келтіріп тұрады деген сенімдеміз.
С.БАЗАРБАЕВ
Индер ауданы