Кенттегі 4 саябаққа жөндеу жұмыстары жүруде

Индербор кентінде негізгі 4 саябақ болса, оның 4-не де биылғы жылы ағымдағы жөндеу жұмыстары жүруде.

Аудан әкімі Дарын Шамұратовтың Индербор кенті тұрғындарымен кездесуінде мәлім еткендей, жалпы құны 38 млн 320 мың теңгеге Көктем ы/а, Меңдіғалиев көшесіндегі саябақтар жөндеуден өтсе, алдымыздағы шілде айында «Жеңіс» саябағын жөндеуді  аяқтау жоспарлануда. 

 - Оған қоса, Жайық жағалауында орналасқан «Жастар» саябағына да жәй жөндеу жүргізіледі. Мердігер мекеме – «Даймонд» ЖШС, Құны 4 млн 500 мың теңге.  Қазіргі таңда тіркеу кезеңінде. Жұмыс мерзімі 45 күн.

Көп жылдардан бері көңіл бөлінбей келе жатырған нысанның бірі - Қонаев көшесінде орналасқан сквер (кент тұрғындары үшін фонтаны бар парк).  Бұл скверге де ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, төсем тастары мен орындықтары және шамдары ауыстырылып, халық игілігіне пайдалануға беру жоспарланып отыр. Мердігер мекеме – «Джайлибеков» ЖК. Келісімшарт құны 9 млн теңге - деді аудан әкімі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521