Жексенбі күні Индербор кентіндегі Жайық өзені жағалауында орналасқан жастар саябағының ашылу салтанаты өтті.
Шараға кент әкімі А.Аймұратов қатысып, аудан тұрғындарын жаңа демалыс саябағының ашылуымен құттықтады.

Саябақтың ұзындығы – 620 метр, аумағы – 26 793 шаршы метр. Жаңаша құлпырған демалыс орнына жөндеу жұмыстарын «Каз Нур Строй» ЖШС-гі жүргізді.

Атап айтсақ, жаяу жүргіншілер жолы жөнделіп, 6200 шаршы метр төсем тас төселді. 29 дана жарық шамдардың бағаналары мен орындықтар, қоқыс жәшіктері орнатылды.
Индербор кенті әкімінің аппараты