Кентішілік автобус жолға шықты

Индерборда наурыздан бастап тұрғындардың сұранысына орай кентішілік автобус жолға шықты.

Ол «Көктем» ықшам ауданындағы Алғабас көшесінен бастап – «АБК» - «Болашақ» – «Шығыс» – «Барлаушы» – Қ.Тұхфатов – Д.Қонаев - Алғабас көшелері бойыша қатынайды.

Жолақысы бұрынғы қоғамдық келісім кеңесімен бекітілген 50 теңгемен белгіленген.

Маршрут кестесі бойынша сағат 7.00-ден 10.00, 12.00- ден 15.00, 18.00-ден 21.00- ге дейінгі тұрғындардың көп қатынайтын уақытында ғана жүру көзделген.

Тұрғындар әлеуметтік желілерде де осы маршрутқа орай орынды ұсыныстарын жеткізуде. Айталық тұрғын Л.Қадырқұлова екі автобус қарама-қарсы бағытта тұрақты жүрмей, жолаушылар тасымалы бірізді болмайтындығын алға тартады. Әрі аялдамаларға байланысты да сұраныстар көп. Мысалы, жаңа қалыптасып жатқан «Болашақ» мөлтек ауданына таксилер жүре бермейтіндіктен, тұрғындары қиындық көріп келе жатқандығын, әрі кестеде белгіленген екі-ақ аялдама аздық ететіндігін айтады.

Сонымен қатар «АБК» мен «Болашақ» ықшам ауданының 6 - көшесі арасындағы бірнеше шақырым жерде еш аялдама жоқ.

Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Бауыржан Иманғазиев 10 наурыздап бастап аталмыш желіге 2-ші автобус қосылатындығын қаперге берді. Сонда тұрғындардың ұсыныстары ескеріліп, маршрут желісі қайта қарастырылатын көрінеді.

Сонымен қатар ол кентішілік маршрутты тұрақты қамту бағытында субсидияға сұраныс берілгенін атап өтті.

С. Сансызбайұлы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521