Кедергісіз келешек үшін

«Nur Otan» партиясының облыстық және аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер «Кедергісіз келешек» жобасы аясында аудандағы мүмкіндігі шектеулі азаматтармен жүздесті.

Үмтікерлер партияның алдағы бес жылға арналған сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, қоғамды алаңдатып отырған түйткілді мәселелерді шешудің жолдарын атап көрсетті. Мүмкіндігі шектеулі жандарда өздерін толғандырған сауалдарын қойып, толғандырып жүрген жайларды қозғады.

- Осы сайлауға байланысты біздер мүмкіндігі шектеулі жандар өзімізге қатысты мұң-мұқтажымызды ескерсе екен дейміз. Сұраған қажетті нәрселерімізді тауып беруге, алып беруге кішкене жағдай жасаса екен. Кейбір кісілер газетке жазыла алмайды, көмек сұраймыз. Өзімізге зағиптарға арналған кеңсе сұраймыз. Қажетті нәрселермен толықтырып берсе деп ойлаймыз. Әркімнің қалауы біледі. Біздер өзіміз шама келгенше «Nur Otan» партиясына дауыс береміз, - дейді зағиптар қоғамының төрағасы Ұлпат Шонышева.

mumkindigi-shekteuli-adamdar

Партия мүшелері мүмкіндігі шектеулі жандар көтерген қандайма мәселе болмасын назардан тыс қалмай, салалық бөлім арқылы жедел шешуге ат салысатындарын айтты. Сонымен қатар бес жылдық жоспарлы бағдарламада мүгедектер мәселесін шешудің бірнеше тармақтары бар екенін де атады.

- «Nur Otan» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі азаматтармен кездесіп, олардың пікірлері мен ұсыныстарын тыңдап, ой бөлісіп өз тарапымыздан сайлауалды бағдарламамызды түсіндірдік. 10 қаңтарда болатын сайлауда «Nur Otan» партиясына дауыс беруге баршаңызды шақырамын, - деді партиялық бақылау комиссиясының төрағасы, үміткер Әлия Қарашинаны сөзге тартқанымызда.

Партия құр уәдемен шектеліп қалмай көптің келешегі үшін атқарылар істі бүгін қолға алып, аяғына дейін жеткізуге белсенді әрекет етіп отыр. Партияны алда үлкен жұмыстар күтіп тұр.

С. КӨШЕКОВ

«Nur Otan» партиясының Атырау облысы Индер ауданының сайлау қоры қаражатының есебінен төленді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521