«Әке – жауапты лауазым»

Жас ұрпақтың ертеңгі күні жақсы әке, өнегелі отбасының иесі болуы үшін бүгінгі әкелердің тәлім-тәрбиесі мықты болуы керек. Осындай ұстаным аясында облысы әкімі, Атырау қаласы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиялардың, «Елсана» руханият-патриоттық қауымдастығы «Аманат» әкелер алаңының ұйымдастыруымен «Әке – жауапты лауазым» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті. Атырау қаласы әкімінің орынбасары, Атырау қаласы әкімі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия төрағасы Нұржан Ермұханов мәнді де мағыналы жиынға модераторлық етті. Әкенің отбасындағы және қоғамдағы орны, жанұядағы әке мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту, ұлттық салт-дәстүрге байланысты әке орнының ерекше екенін ұғындыру, қазіргі қоғамда алып отырған зиянды әдеттер мен әрекеттердің алдын алу, жастарды жақсылыққа бағыттау, үйрету жолдарына тоқталып, оны іске асыру жоспарларымен бөлісу мақсатында ұйымдастырылды. Басқосуға ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның мүшесі, Атырау облысының кураторы, «SAMRUK-KAZYNA TRUST» қорының бас директоры Альфия Әдиева қатысты. Ол еліміздің кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Заңға тоқталып, жаңашылдықтармен бөлісті. Іс-шараға қатысып отырған Атырау қалалық әкелер кеңесінің мүшелеріне ризашылық білдірді. Жас ұрпақты тәрбиелеу жолында атқарып жүрген еңбектеріне жетістіктер тіледі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521