Сапалы жөндеу және қаражатты оңтайландыру: Президент тапсырмасы бойынша жылу желілері мен электр желілерін диагностикалау үшін ЖИ енгізілуде

Үкіметтің қорытынды баспасөз конференцияларының сериясы аясында энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Мемлекет басшысының экономиканы цифрлық трансформациялау жөніндегі тапсырмаларын орындау үшін әзірленіп жатқан отын-энергетика кешенін басқарудың бірыңғай жүйесін (EnergyTech) енгізу барысы туралы баяндады.

 

«Сонымен қатар жасанды интеллектіге ерекше назар аударудамыз. Енгізіліп жатқан құралдар өз тиімділігін тәжірибеде дәлелдеп отыр. Нарық өкілдерімен бірлесіп, саланың қажеттіліктерін анықтап, ЖИ қолданудың нақты сценарилерін пысықтап жатырмыз. 

 

Негізгі міндеттер – әуе желілерін дефектоскопиялау және жылу желілерін ішкі диагностикалау. Бұл технологиялар адам көре алмайтын жасырын зақымдарды анықтауға мүмкіндік беріп, жөндеу шығындарын едәуір азайтады. Экономикалық әсері ондаған млрд теңгеге жетеді», 

— деп атап өтті Ерлан Ақкенженов.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT