Қырық жыл бойы ветеринария саласында еңбек етіп келе жатқан маман өз ісінің құпиясымен бөлісті

– Құрманғазы аудандық ветеринариялық стансасының тәжірибелі мал дәрігері. Ол ветеринария саласында табан аудармастан 40 жылға жуық уақыт адал еңбек етіп келеді.

Самат Аманғалиев 1979–1983 жылдары ауылшаруашылық техникумында мал дәрігері мамандығы бойынша білім алған. Еңбек жолын «Коммунизм жолы» кеңшарында бастап, кейін Теңіз аудандық мал бордақылау бірлестігінде қызмет атқарған. Кеңшарлар тараған қиын кезеңдерде де мамандығына деген адалдығын сақтап, әртүрлі шаруашылықтарда еңбек етті. 1998 жылдан бастап аудандық ветеринариялық стансада тұрақты қызмет етіп келеді.

Қырық жылдық тәжірибесі бар маман ветеринария саласының барлық кезеңін бастан өткерді. Оның айтуынша, қазіргі таңда заманауи құрал-жабдықтар мен көліктің болуы жұмыс сапасын арттырса, мал ауруларының көбеюі мамандардан үнемі ізденіс пен жауапкершілікті талап етеді.

Самат Аманғалиев өз ісіне аса мұқият қарап, малды емдеуде алдымен жануардың мінез-құлқын, жалпы жағдайын бақылауға ерекше мән береді. Ол мал иелерін ауру белгілері байқалған сәтте өз бетінше ем қолданбай, міндетті түрде ветеринар маманға жүгінуге шақырады.

Көп жылғы еңбегі мен мол тәжірибесінің арқасында Самат Аманғалиев аудан тұрғындары арасында абыройлы, өз ісінің білікті маманы ретінде танылған.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT