"Қазіргі қазақ қоғамындағы әйел адамның орны қандай?

Осындай тақырыпта аудандық "Дендер" газеті редакциясында  дөңгелек үстел өтті. Басқосуда бүгінгі қоғамда қызу талқыға түсіп жүрген маңызды мәселені көтерді.  «Қазіргі қазақ қоғамындағы әйел адамның орны қандай?» деген сауалға әр сала мамандары өз көзқарасын білдірді.

Шараны ашқан санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы Ақмарал Қосымбаева: "Отбасының емес, Отанның деңгейінде ойлайтын, ұрпақтың ғана емес, ұлттың қамын жейтін әйел неге аз? Ондай адамды қалыптастыру үшін не істемек керек? Оған себеп діннің шектеуі ме, отбасындағы тәрбиенің кемшіндігі ме әлде қоғамға ілесу, заманына қарай адамы ма?" дегендей қоғамда өзекті болған сан сауалды ортаға тастады.

Жиынға қатысқан газет редакторы Жанай Амантурлин, ардагер ұстаздар Қымбат Кәрім мен Нұргүл Каримовна, мешіттің найб имамы Қырықбай Есқайыров, отбасын қолдау орталығының директоры Жанболат Ғиззатов және кент тұрғыны Мұса Күсепов сынды белсенді азаматтар әйел адамның қоғамдағы мәртебесі – оның ер азаматпен тең дәрежеде бәсекелес болуы емес, бірін-бірі толықтырып, сыйласа отырып, саналы ұрпақ тәрбиелеуінде, отбасындағы үйлесім мен бірлікте, сондай-ақ әр тарап өз рөлін дұрыс түсініп, құрметпен қарап, болашақ ұрпақ тәрбиесіне бірге жауапты екенін ұмытпауы тиіс екендігін айтып, өз ой-пікірлерімен бөлісті.

Толықтай "Дендер" газетінің келесі санынан оқи аласыздар

Ақмарал БОКИРОВА,

Индер ауданы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT