Карьер қоқыс алаңына айнала жаздады

 Жылда тұз айы басталысымен алыс-жақыннан Индерді іздеп, туристер ағылып келе бастайды. Соңғы жылдары тұз көлімен бірге Борат кенішінен қалған карьерлердің суына шомылушылар да көбейді. Әсіресе, №100 карьер кәдімгі демалыс аймағына айналғандай.

Әттеген-айы, демалушылардың артында түрлі қоқыс-қалдықтары көптеп қалатын болды. Ал өткен сенбіде аудан әкімінің тапсырмасына сай Индербор кентінің тазалығымен айналысатын «ЖасылАймақ» ar» ЖШС аталмыш карьерге тазалық жұмыстарын жүргізді.

karer

-Жүк тиегіш техикасымен келіп жинадық. Демалушылардың бірқатары бізге көмектесті. Қоқыстың бәрін қос тіркемелі трактор және «УАЗ» автокөлігіне жинап, қоқыс полигонына әкеліп төктік. Көпшілікке өтішіміз қалдықтарын сол жерге тастап кетпей, өздерімен бірге алып кетсе. Қоқыстарын кентке кіре берістегі қоқыс кентейнерлеріне салуды ұсынамыз,-деді аталмыш серіктестіктің директоры Әнуарбек Кенжиев сөзге тартқанымызда.

kokys-zhinau

Айта кетейік, карантиндік шектеу шаралары кезінде Тұз көлі мен карьерлерге демалушылардың шамадан тыс көп жиналуына орай, облыстық бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің қаулысымен 28 шілдеден бастап мұнда демалуға уақытша тыйым салынған болатын.

Саламат САНСЫЗБАЙҰЛЫ

Суреттер Ануарбек Кенжиев фб парақшасынан алынды

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT