Көрме көрерменін күтеді

Атырау өлкетану мұжайының Индер бөлімшесінде ашылған «Дендер» -85 жыл сенімді серігіңіз» атты мазмұнды көрмесі ашылып, көп назарына ұсынылды.

Индер аудандық «Дендер» газетінің 85 жылдығына арналған облыстық және аудандық мұражайдың жылдық жұмыс жоспарына сай ашылған көрмеге 25 жәдігер жинақталған үш подьюм мен бір көрініс, 16 суреттік планшеттен көрермен көп тарихтың сырын ұға алады.

-Сонау 1934 жылдан шыға бастаған газет пен оның алғашқы редакторлары, тілші-авторлары, түрлі марапаттары мен альбомдар, «Құрмет кітабы» қойылған көрме осындағы бұдан бұрын аудан тарихы бөліміне қойылған жәдігерлердің қатарын толықтыра түсіп, келушілерді ерекше қызықтырып отыр,-дейді мұражай басшысы Майгүл Жалғасбаева.

Аудандық газет тарихымен алғаш болып танысқандар арасында индерліктермен қатар Махамбет, Қ.Абаханов атындағы орта мектептің шәкірттері мен ұстаздары да болғанын айту кеерк.

Ал бұл қатарда аудандық басылымның бас редакторы Жанай Амантурлин бастаған журналистер де болып, мұражай қызметкерлері қолға алған игі іске алғыс айтты.

Өлкетануда өзіндік орыны бар көрме бір апта бойына жұмыс істейді, аудан мен газет тарихын жақын тани түскісі келетін көрермендерін асыға күтеді.

С.БИСЕНОВ.

Соңғы жаңалықтар

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика