Көпір жөнделіп, жарық шамдары орнатылады

Азия мен Еуропаны жалғап тұрған Индербордағы көпіріміз жақында жөндеуден өтеді.

Бұл туралы анығырақ аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобильдер жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы А.Ибрагимовтан білдік. Жайықтан көпір салынып, көзіміз ашылғанына биыл тура 10 жыл уақыт болыпты. Оған дейін талай заман көпірдің зарын көріп келгеніміз ұмыт қалғандай. Енді міне, уақыт өте келе жаңа көпірдің де кейбір жерінің қоршаулары түсіп, асфальтінен ойылған жерлері шығып, олқы тұстары көріне бастаған.

-Орташа дәрежедегі жөндеу барысында көлік және жаяу жүргіншілер жолының асфальты ауыстырылады. Темір қоршаулары жаңартылып, деформациялық тігіс жөнделеді, жол белгілері мен жарық шамдары қосымша орнатылады. Аталған жұмыстарды мердігер мекеме «Salem construction» атқаратын болады, - деді салалық бөлімнің басшысы Ақесен Камалиденұлы.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде көпірдің жөндеу жұмыстары маусым айында басталып, тамыз айында аяқталады деген мәлімет тараған еді. Бірақ бөлім басшысы бұл іс нақты тамыз айынан басталып, жыл соңына дейін аяқтау жоспарланып отырғанын қаперге берді. Ендеше бастау алар игілікті іске сәттілік тілейміз.

С.БАЗАРБАЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521