Үйірменің балалары облыстық жарыстан жүлделі оралды

Балалар мен жастарды азаматтылық пен отаншылдық сезімдерін тәрбиелеу, экспедициялық жасақтардың туристік қызметін жандандыру жолымен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Менің Отаным – Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтардың облыстық жарысы өтті.

Жарысқа аудан намысын қорғап, оқушылар шығармашылық орталығы «Туризм және спорттық бағдарлау» үйірмесінің «Индер құрамасы» қатысып, жүлделі ІІІ орынға ие болды. Атап айтсақ, «Бард әндер» байқауынан А.Сансызбаев I орын, «Экологиялық соқпақ» бөлімінде А.Ермекова, С.Тұрланова ІІІ орын, «Алғашқы медициналық көмек» және «Туризм білімпаздары» бөлімінде Е.Шынар ІІІ орын, «Туған өлке соқпақтары» бөлімінде Д.Есет ІІІ орын, «Ең керемет туристік өлке» бөлімінде А.Зейнеденова ІІІ орынға ие болды.

Оқушыларды жарысқа дайындаған жетекшілері Қ.Баянғалиев пен Р. Халиннің еңбектері де атаусыз қалмады.

Д. Айбаров

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз