Үйдің кілті табысталды

Жақында Жарсуат ауылындағы жаңадан бой көтерген екі пәтерлі екі тұрғын үй пайдалануға берілді.

Бюджеттік сала қызметкерлеріне арналып салынған тұрғын үйлерді «МарТас» жеке кәсіпкерлігі (басшысы Асқар Багитов) салған.

Баспаналы болған тұрғындарды аудан әкімінің орынбасары Қайрат Нұрлыбаев құттықтап, үйдің іші берекелі де мерекелі күндерден тұрсын, сәбилердің шат-шадыман күлкісіне толсын деген тілегін білдіріп, пәтер кілттерін Жарсуат ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Қайсар Сахипов, Махамбет атындағы орта мектебінің орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Айгүл Төремұратова, «Жауқазын» бөбекжайының есепшісі Ақнұр Гашиковаға табыстады. Ал төртінші пәтер болашақ дәрігер маманға беріледі деп отыр. Енді баспана иелері мұнда тегін тұрады. Тек коммуналдық төлем ақысын төлейді.

Айта кетейік, құрылыс жұмыстары өткен жылдың қазан айында басталған тұрғын үйлер заман талабына сай жабдықталған.  

Қуанышқа ортақтасқан ауыл азаматтары атынан Байғали Утеманов құттықтаса, жаңа пәтер иелері атынан Қайсар Сахипов алғысын айтты.  

 

Диас АЙБАРОВ,

Жарсуат ауылы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521