Каналдарға су жіберілді

Күздегі қара қатқақ қысқа ұласып, жиектегі малға әбден қиындық туғызды. Қаталаған мал каналдардың бойын жағалап жүр. Шаруагерлер ойық ойып, суат жасағанмен кей жерлерде су тапшы.
Осыған орай Индер аудан әкімдігі су шаруашылығы мекемесіне жолығып, каналдарға су айдала бастады. Біз тілдескен қожалық иесі С.Сапаров:
 «Біздің тұстағы Бағырлай каналы  бойы суға толы. Ешқандай мәселе жоқ»-деді.
Рас, Есбол, Өрлік жағындағы каналдарда су тапшылығы бары айтылуда. Алайда, Жалаңаш жар каналына су айдау мүмкін болмай тұрған көрінеді. Сондықтан да аудан әкімі Дарын Шамұратов каналға арнайы барып, жағдайды өз көзімен көріп қайтқан-ды.
Байқағанымыздай, қыстың қиындығына қарамастан су шаруашылығының қызметкерлері аянбай еңбек етіп жатыр. Қанша тырысқанмен, Жайық өзені тартылып, насос қайраңдап қалғандықтан қиындықтар кездесуде. Қыстыгүні оған жасайтын амал жоқ екен.
Ал "ҚазСуШар" РМК-нің Индер ауданы бойынша басшысы С.Байбосынов:
–    Біз осыншама қиындыққа қарамастан былтырғы 29 желтоқсаннан бастап біртіндеп каналдарға су айдауды бастадық. Ал, Жалаңаш жар каналына су шығару мүмкін болмай тұр, - деді.
Қайткенде де қыстыгүні су айдау шаруашылық жауапкершілігіне кірмегенмен, елдің қамы үшін қолдан келгеннің бәрін жасауда.
Өз тілшіміз

 

ed604a44-e7b1-452e-ac0d-7e361c14ac7e

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521