Исатай ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өткізілді

Елімізде республикалық экологиялық "Таза қазақстан" акциясы жаппай өткізілуде. Елді бірлікке, тазалыққа насихаттайтын «Таза Қазақстан» акциясын өткізуге Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ресми түрде тапсырмасы берілген болатын.Осы олрайда, Исатай ауданында бүгін аудандық ішкі саясат бөлімі, Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен "Таза Қазақстан" республикалық акциясы өтті. 

Акцияның ашылу салтанатына қатысқан аудан әкімі Нұрым Мусин аталған іс-шараның мән-маңыздылығына тоқтала өтті.

- Бұл аталған акция тазалықты насихаттап қана қоймай, ел-жұрттың басын біріктіретін рухани маңызы бар іс-шара. Жалпы, мына әлеуметтік желі, БАҚ көріп, естіп жүргеніміздей «Таза қазақстан» акциясы республикалық деңгейде жүріп жатыр.Барлық қала, аудан, ауылдық жерлерде қоғамдық мәдениетті дәріптеуге барлық жас еріктілер ықпал етуде. Әр азамат – тазалықты өз үйінен бастау керек. Ұрпақты тәрбиелеу үшін ең алдымен өзімізді тәрбиелеуіміз керек. Айналаны таза ұстап, қоршаған ортаға құрметпен қарасақ, тазалыққа жаны жақын ұрпақ қалыптасатыны ақиқат. Сондықтан, сіздерді осы акцияға жұмыла кірісуге шақырамын, -деді ол.

Одан әрі акция қатысушылары «Ардагер» саябағында тазалық жұмыстарын жүргізді.

Акцияға аудандық әкімдік және ауданға қарасты мекеме қызметкерлері, студенттер, «Жасыл ел» жасағының сарбаздарынан құралған 180-ге жуық жастар қамтылды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521