Инвистиция тартудың маңызы зор

Мен, Индер ауданының еңбек ардагері ретінде, еліміздің өркендеуі мен ауданымыздың дамуы үшін инвестиция тартудың маңызы зор деп есептеймін.

 Қазір заман талабы – жаңа өндіріс орындарын ашу, ауыл шаруашылығын, туризм мен кәсіпкерлікті дамыту. Ол үшін сырттан келген инвестиция үлкен серпін береді.

Индер өңірі – табиғи байлығы мол, еңбекқор халқы бар аудан. Егер осы әлеует дұрыс пайдаланылса, жаңа жұмыс орындары ашылып, жастар өз ауылында еңбек етуге мүмкіндік алады.

Президентіміз айтқандай, әр өңір өз мүмкіндігін тиімді пайдаланып, инвестиция тартуға белсенді болуы керек.

Бұл – ауданның болашағы мен халықтың тұрмыс сапасын жақсартудың нақты жолы.

Темірболат Тасқалиев

ардагер

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Республика күні

AQPARATPRINT