Індет өршіп тұр. Теңіз кеніші жабылуы мүмкін бе?

Бұл туралы ҚР Мемлекеттік бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова айтты.

Оның атап өтуінше, Теңіз кенішінде сырқаттанудың артуына байланысты Атырау облысына үкіметтік комиссия жіберілген. Комиссия шешімімен аталған кеніште коронавирустың алдын алуға бағытталған жұмыстардың жоспары, кестесі қабылданды.

«Қазіргі уақытта аталған жоспардың, кестенің орындалуына бақылау жүргізу қажет. Олай болмаған жағдайда, науқастар санының артуына байланысты оқшаулануға және кәсіпорынның өздігінен не мәжбүрлі түрде жабылуына алып келеді» деді Айжан Есмағамбетова.

Айта кетейік, бұған қоса жедел штаб бүгін Атырау облысында 13 адам коронавирус инфекциясынан айыққандығын хабарлайды.

Мәліметке сүйенсек, олардың барлығы – Теңіз кенішінің жұмысшылары. Атап айтқанда, 47, 43, 49, 42, 38, 32, 28, 31, 32 жастағы тоғыз ер адам және 42, 39, 42, 44 жастағы төрт әйел.

- Қазіргі уақытта емделіп шыққандардың барлығы өзін жақсы сезінеді, коронавирустың бар-жоғын анықтау үшін жасалған соңғы тест нәтижесі теріс көрсеткіш көрсетті, - дейді штабтағылар.

Осылайша, Атырау облысында қауіпті дерттен сауығып шыққандар саны 193 адамға жетті. Дегенмен дертті жұқтырғандар саны да толастамай тұр.

Cурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521