Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы Конвенцияның ережелеріне сәйкес, әйелдерге қатысты зорлық- зомбылықты жоюдың халықаралық күні жыл сайын 25 қарашада атап өтіледі.
Осыған байланысты, 2024 жылғы 25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында Индер ауданы аумағында «Зорлық - зомбылыққа қарсы 16 күн белсенділік!» атты республикалық акциясы өткізіледі.
Акция барысында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жане оған қарсы тұру, полицияға деген сенім деңгейін арттыру, отбасының коғамдағы рөлін нығайтуға байланысты іс-шаралар өтеді.
Жалпы, іс-шаранын негізгі мақсаты - әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу және ескерту, ана мен баланы қорғау, отбасының қоғамдағы рөлін нығайту бағытында қабылданып жатқан шаралармен таныстыру.
Акция барысында тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу, Ішкі істер органдарында есепте тұрған тұлғаларды тұрғылықты мекен жайы бойынша тексеру, отбасы-тұрмыстық катынастар саласында құқық бұзушылық жасаған тұлғаларды анықтау жане есепке алу жоспарлануда, сондай-ақ олардың күнделікті өмір саласындағы қылмыстар тарапынан алдын алу.
Бұл акция мүдделі мемлекеттік органдардың,үкіметтік емес ұйымдардың, жұртшылықтың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін тарту арқылы жүзеге асырылады.
Құрметті аудан тұрғандары! Егер сіз немесе сіздің жақындарыңыз тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тап болған жағдайда, шұғыл түрде полиция бөліміне 87760741616, 102 операторына хабарласаңыз.
Индер ауданы ПБ-нің ЖПҚб-нің
Әйелдерді зорлық зомбылықтан қорғау тобының
инспекторы полиция капитаны
Измуханова Алтынай Айтбайқызы