Индерде Республика күні аталып өтті

Ауданда 25 қазан - Республика күніне орай «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстаным» атты мерекелік шара өтті. Салтанатты шараны аудан әкімінің міндетін атқарушы Әсет Оразғалиев ашып, аудан тұрғындарын мерекемен құттықтады. 

Мерекелік шарада бірқатар азаматтарға ауданымыздың өркендеп, дамуына ерен еңбек сіңірген, жұмыстарын мінсіз, адал атқарғаны және кәсіби жетістіктері үшін «Ауданның құрметті азаматы» куәлігі мен төсбелгілері табысталды. Атап айтсақ, ауыл шаруашылығы саласының ардагері Табылды Жұмашев, денсаулық сақтау саласының ардагері Зоя Саргелекова, білім саласы ардагерлері Бақыт Қарекешова мен Қымбат Кәрім, құрылыс саласының ардагері Жәнібек Шарипов, спорт саласының ардагері Алтыбай Ермұханов және мемлекеттік қызмет саласының ардагері Сарсенбай Дәуітбаев  марапатталды.

Салтанатты жиында мерекеге орай бірқатар азаматтар облыс және аудан әкімдерінің «Алғыс хаттарымен» марапатталды. Сонымен қатар, аудандық мәслихат төрағасы Абзал Рамазанов аудан халқын мерекемен құттықтап, әртүрлі салада үздік танылған қызметкерлерге облыстық және аудандық мәслихаты Алғыс хатын табыстады. 

Жиын соңы аудандық мәдениет үйі дайындаған мерекелік концертке ұласып, аудан өнерпаздары көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521