ИНДЕРДЕ ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТА КҮНІ АТАП ӨТІЛДІ

Еліміздің азаттығы мен азаматтарымыздың дербес тіршілігінің айғағы саналатын төл теңге бірнеше жылдарда өзінің қауіпсіздігі мен  тұрақтылығы жағынан әлем елдерінің жоғары бағасын алып үлгерді. Сондай-ақ бұл күн қаржы саласының кәсіби мерекесі болып саналады.

Бүгінде қаржыгер дегеніміз –ірі қаржы операциясының  заң негізінде жүзеге асыратын кәсіби маман. Сондықтан адалдығымен, жауапкершілігімен, біліктілігімен бюджеттік  және салықтық заңнаманы жетік білетін қаржыгерлердің еңбегін атап өтуге тұрарлық. Осынау мерекеге орай арнайы Индер ауданында салтанатты жиын өткізілді. Салтанатты шарада аудан әкімінің міндетін атқарушы Әсет Оразғалиев, аудандық мәслихат төрағасы Абзал Рамазанов құттықтады.

-Өздеріңізге белгілі қай мемлекетте болмасын ұлттық валюта ол тәуелсіздіктің тірегі. Елдіктің, егемендіктің айшықты нышаны болып табылады. Біздің төл теңгеміз осы тәуелсіздік жылдарында барлық қиындықтарды бағындырып, үлкен белестерден өтті. Үлкен жетістіктерге жетті. Өзінің өміршеңдігін дәлелде әлемдік қаржы нарығында айшықты орын алды. Төл теңгеміз тұғырынан таймасын деді,-аудан әкімінің міндетін атқарушы Әсет Самарханұлы.

Осы салада жемісті еңбек етіп зейнеткерлік демалысқа шыққан зейнеткерлермен қатар бүгінгі таңда аға буын салып кеткен сара жолды оңды жалғастырып жүрген бір топ қызметкерлер аудан әкімі мен мәслихаттың Алғыс хатына ие болды. Жергілікті өнерпаздар өз өнерлерін паш етті.

-Құрметті Индерліктер, жерлестерім төл мерекеміз теңге күні құтты болсын! Теңгеміз тұғырлы болсын!Ұзағынан болып халқымызға демеу болып биіктерден көріне берсін. Еліміз аман болсын! Құнды бола берсін,-дейді банк жүйесінің зейнеткері Сәуле Қарабалина.

Айта кетейік Индер ауданының  бюджетінің жылдық жоспары 11 миллиард 247 563 мың болса бүгінгі таңда оның орындалысы 8 миллиард 66 миллион 463 мың  теңгені құрап орындалысы 95,0 пайыз болып отыр.

Сұңқар КӨШЕКОВ

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT