ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығына сәйкес, ағымдағы жылдың 28-30 сәуір күндері аралығында «Құқықтық тәртіп» облыстық жедел- профилактикалық іс-шарасы өтуде.
Шараның мақсаты - мамыр мейрамдарының қарсаңында тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау, көшелер мен басқа да қоғамдық орындарда қылмыстарды ескерту және жолын кесу. Жол жүрісі қауіпсіздігін күшейту, сондай-ақ жол-көлік оқиғаларын ескерту және салдарының ауыртпалығын төмендету, жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жолаушылар тасымалын жүзеге асыруға бақылауды күшейту, облыстық тас жолдарында жол-көлік оқиғаларынан зардап шегетіндердің санын азайту, автомобиль жолдарында көліктік тәртіпті арттыру, мопедтер мен электроскутерлерді басқаратын тұлғалардың бұзушылықтарының алдын алу және анықтау сонымен қатар, жасөспірімдердің қатысуымен болатын жол- көлік оқиғаларын алдын алу болып табылады.
Б.Қабиев,
Индер АПБ ППТ-ның қызмет аға инспекторы
полиция аға лейтенанты