Индерде қару тапсыру акциясы басталды

Қазақстан Республикасының (бұдан әрі-ҚР) Ішкі істер министірлігінің бұйрығымен бекітілген азаматтардан заңсыз сақталудағы атыс қаруын, оқ- дәрілермен жарылығыш заттарды ерікті түрде тапсыру ережесіне сәйкес, 2025 жылдың 21 сәуірден бастап Индер ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері тұрғындардан «заңсыз сақталудағы атыс қаруын, оқ-дәрілермен жарылығыш заттарды» сатып алу бойынша кезекті акция өткізілуде.

Акцияның негізгі мақсаты азаматтарда заңсыз сақталған қару- жарақтармен оқ-дәрілерді өтімді түрде қабылдау. Жалпы алынған қарудың түріне және техникалық жәй-күйіне байланысты сыйақы тағайындалады. Сыйақы төлеу барысында алдымен қару-жарақтың жарамдылық деңгейі ескеріледі. Сондай-ақ қаруды өз еркімен тапсырған азаматтар қандай-да бір қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады.

Қ.М.Ізбасаров

Индер ауданы полиция бөлімі әкімшілік полиция бөлімшесінің

азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау тобының

аға инспекторы полиция аға лейтенанты

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

AQPARATPRINT