Индерде «Enbek Fest24» шарасы өтті

Жастар онкүндігі аясында «Enbek Fest24» шарасы өтті.

Шара аясында жұмыспен қамту, кәсіпкерлікті қолдау бағытындағы мемлекеттік бағдарламалар, әскерге шақыру жұмыстары туралы жастарға кеңес беру жұмыстары жүргізілді. Кеңес беру шарасына аудандық полиция бөлімі тәрбие және кадр жұмыс тобының аға инспекторы, полиция аға лейтенанты Қуандық Ізбасаров, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің азаматтық қорғау лейтенанты Мерхат Үмбетов, аудандық «Мансап» орталығының маманы Мирас Жолғалиев, аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Темірлан Бертілеуов пен аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің жасақтау топ бастығы Нұрдәулет Шираев қатысты.

Қатысушылардың басым бөлігі мамандық таңдау және жұмысқа орналасу бойынша сұрақтарын қойды.

Жадыра Н.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT