Индерборлық тұрғын трактор құрастырды

Ауылдастарын тиянақтылығымен тамсандырып жүрген индерборлық Абай Мұханбетқалиевты жұрт «Ұқыпты кісі» деп үлгі тұтады екен. Жасы жетпіске жақындаған ақсақал қол қусырып қарап отырмай, шаруадан қолы босай қалса, темірге жан бітіруді әдетке айналдырған.

Солардың бірі алғашқы техникасын совхозда жұмыс істеп жүрген кезінде жасаған. Шаруаға ыңғайлы минитракторы осы күнге дейін өзіне қызмет етіп келеді. Темірден түйін түйген шебер шағын тракторын ескі жүк көліктерінің қосалқы бөлшектерінен құраған. Көп жанар - май шығынд амайтын тұлпарының моторы Т-25- тік дизель, екі цилиндрлі екен.

-Көлік құрастыруды қолға алғаныма отыз жылға жақындады. Жалпы бұл, қажеттіліктен туған дүние. Өзіңіз білесіз ауылда қораны тазалау, шөп жинау деген сияқты жұмыстар өте көп уақытты алады. Сосын бір күні неге осындай жұмыстарды жеңілдететін құрал жасамасқа деген ой келді. Бәрі осыдан басталды, уақыт өте келе осы іспен тыңғылықты айналыстым, - дейді ол.

Абай аға заманға лайықталған бұл көлікті келешекте жетілдіріп, басқа да игілікке пайдалану ойда барын жасырмайды.

Шынында да Абай ағаның бұл ісі көпке үлгі боларлықтай.

Диас АЙБАР

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521