Индербор кентіне бір айда 7150 көшет отырғызу жоспарланды

Ауданда былтырғы жылдан бастап жасыл желекті  көбейтуге  кешенді жұмыстар басталғанына куәсіздер.  Саябақтар жаңарып, көше-көшеде жас көшеттер жаппай отырғызылды. Көшеттерге арнайы суландыру жүйелері жүргізіліп, қажетіне қарай бірқатары қоршалды. Бұл игі іс биыл да жалғасын табуда.

Өткен жұмадан бастап Индербор кентінде тал егу жұмыстары қарқын алды.  Орталықтағы Д.Қонаев көшесі бойынан былтыр егілген көшеттердің жанынан қосымша екі қатар көшет отырғызылды. Тал егу жұмыстарын жүргізіп жатқан «Жасыл Аймақ»ar» ЖШС директоры Әнуарбек Кенжиевтің айтуынша, бұл күні 140 дана тал егілген. Жалпы ай бойына кент ішінде 7150 көшет отырғызу жоспарланып отырған көрінеді. Көшеттерді оған қажетті қара топырақ пен тыңайтқыштарды қосып егудеміз. Оған мекеменің қажетті техникалары мен жұмысшы күші толық тартылып отыр, -деді ол. Осы арада «Индер орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекеме» КММ директорының орынбасары Есмұрат Сапаров көшеттердің дұрыс егу барысын қадағалап, қажетті кеңесін беріп келеді екен.

egilgender

Орманшының айтуынша, жаңадан егіліп жатқан көшеттердің бір бойы шаған, екіншісі шегіршін талдары. Бәрі де орман алабынан өсіріліп, 2 жыл жарым мен 3 жылға таяғын көшеттер екендігіне назар аударды. -Көшеттердің бұтақ өскен жағы бұрын күн жағында болса, енді ол жағын көлеңкеге жіберіп алмастырылады. Көшеттерге арналып қазылған шұңқырлар ені 60-70 см қазылған екен, әлде де 90 см кеңейтуге болады. Бұл көшеттердің өсіп кетуі үшін суды уақытында молынан жіберіп отыру аса маңызды, сонда жақсы алып кететін болады. Жалпы біздің жерде бұл ағаштар 15-20 метрге дейін өседі, - деді ол.

Аудандық тұрғын үй-комуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Ақесен Ибрагимовтен білгеніміздей, кенттен бөлек ауылдық округтерде осы көктемде 1116 тал егу жоспарланып, суару жүйесі де басты назарға алынып отырғанын атап өтті.

-Ал күні кеше АБК ғимаратының алдына 30 дана шырша тұқымдас «можжевельник виргинский» талдары егілді. Сондай-ақ әзірге мың дана айлант ағашын егуді жоспарлап отырмыз. Мұның ерекшелігі мал жей алмайды, пальма тектес ағаш. Бірақ адамға пайдасы болмаса ешқандай зияны жоқ. Бұған дейін көршілес Мақат кентінде пилоттық жоба ретінде өсіріліп, көңілден шыққан,-деді салалық бөлім басшысы Ақесен Камалиденұлы.

«Әрбір үй 15 түп көшет ексе, ауданымыз жасыл аймаққа айналар еді», - деп аудан әкімі Мейірім Қалауи былтырғы жылы игі бастама көтерген болатын. Осы көңілден шыққан бастамаға барша тұрғындар іспен жауап беріп, мекенімізді жасыл баққа айналдыруға үлесімізді қосайық, ағайын.

С.САНСЫЗБАЙҰЛЫ

Соңғы жаңалықтар

COVID 19

covid

Фотогалерея

Күнтізбе

Бейнебаян

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21